Эменд в порошке — инструкция по применению

Инструкция по применению эменда в порошке, описание действия препарата, показания к применению порошка эменда, взаимодействие с другими лекарствами, применение эменда (порошок) при беременности. Инструкции: Эменд в капсулах;
Торговое название: Эменд
Международное название: Фосапрепитант
Лекарственная форма: Лиофилизат для приготовления раствора для инфузий, 150мг
Показания к применению:
Атс классификация:
A Средства, влияющие на пищеварительную систему и метаболизм
A04 Противорвотные средства и препараты, устраняющие тошноту
A04A Противорвотные средства и препараты, устраняющие тошноту
A04A D Прочие противорвотные средства
Фарм. группа:
Прочие противорвотные препараты. Код АТХ A04AD12
Условия хранения:
Хранить при температуре от 2ºС до 8 ºС. Хранить в недоступном для детей месте! После восстановления и разведения, раствор должен храниться не дольше 24 часов при 25ºС.
Срок хранения:
2 года. Не использовать по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Аморфный порошок от белого до почти белого цвета.

Состав эменда в порошке

1 флакон содержит
1 құтының ішінде

Активное вещество эменда

фосапрепитанта димеглюмин 245,3 мг (эквивалентно фосапрепитанта свободной кислоте 150 мг)
245,3 мг фосапрепитант димеглюмині (150 мг фосапрепитанттың бос қышқылына баламалы) бар

Вспомогательные вещества в эменде

динатрия эдетат, полисорбат 80, лактоза безводная, натрия гидроксид, кислота хлороводородная, вода для инъекций, азот
динатрий эдетаты, полисорбат 80, сусыз лактоза, натрий гидроксиді, хлорлы сутек қышқылы, инъекцияға арналған су, азот

Показания к применению порошка эменда

Предупреждение острой и отсроченной тошноты и рвоты, вызванных химиотерапией противоопухолевыми препаратами с высокой или умеренной степенью эметогенности у взрослых пациентов.
Ересек емделушілерде эметогендік дәрежесі жоғары немесе орташа болатын ісікке қарсы препараттармен химиялық емдеуден туындайтын жедел және кейін пайда болатын жүректің айнуы мен құсуға жол бермеу үшін.

Противопоказания эменда в порошке

  • повышенная чувствительность к любому компоненту препарата
  • одновременный прием с пимозидом, терфенадином, астемизолом, цизапридом, растительными препаратами зверобоя
  • наследственная непереносимость лактозы, сахарозы, дефицит лактазы, глюкозо-галактозная мальабсорбция
  • тяжелая печеночная недостаточность (≥ 9 баллов по Чайлд-Пью)
  • беременность и период лактации
  • детский и подростковый возраст до 18 лет
  • препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық
  • пимозидпен, терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, өсімдік текті шайқурай препараттарымен бір мезгілде қабылдау
  • тұқым қуалайтын лактозаны, сахарозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
  • бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша ≥ 9 балл)
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Побочные действия порошка эменда

В связи с преобразованием фосапрепитанта в апрепитант, при его применении следует ожидать побочных эффектов апрепитанта.

Частота возникновения побочных эффектов распределена по группам: очень часто (≥1/10); часто (≥1/100, <1/10); нечасто (≥1/1,000, <1/100); редко (≥1/10,000, <1/1,000) очень редко (<1/10,000), неизвестно (на основании спонтанных сообщений полученных в постмаркетинговый период)

Побочные действия апрепитанта

Инфекционные осложнения: редко - кандидоз, стафилококковые инфекции

Нарушения со стороны крови и лимфатической системы: нечасто - фебрильная нейтропения, анемия

Нарушения со стороны иммунной системы: неизвестно - реакции гиперчувствительности, включая анафилактические реакции

Метаболические расстройства: часто - снижение аппетита, редко - полидипсия

Психические расстройства: нечасто - тревожность, редко - дезориентация, эйфория

Расстройства нервной системы: часто - головная боль, нечасто - головокружение, сонливость, редко - когнитивные нарушения, летаргия, извращение вкуса

Расстройства зрения: редко - конъюнктивит

Слуховые и вестибулярные расстройства: редко - шум в ушах

Сердечно-сосудистые расстройства: нечасто - сердцебиение, приливы, редко - брадикардия, сердечно-сосудистые нарушения

Расстройства дыхательной системы, и органов средостения: часто - икота, редко - боль в горле, чихание, кашель, задний ринит, фарингит

Желудочно-кишечные расстройства: часто - запор, диспепсия, нечасто - отрыжка, тошнота, рвота, гастро-эзофагеальный рефлюкс, боль в животе, сухость во рту, метеоризм, редко: перфоративная дуоденальная язва, стоматит, вздутие живота, стойкий запор, нейтропенический колит

Нарушения со стороны кожи и подкожной клетчатки: нечасто - сыпь, акне, редко - фоточувствительность, потливость, себорея, повреждение кожи, зудящая сыпь, синдром Стивенса-Джонсона/токсический эпидермальный некролиз, неизвестно - зуд, крапивница

Нарушения скелетно-мышечной системы и соединительной ткани: редко - мышечная слабость, мышечные спазмы

Нарушения функции почек и мочевыводящих путей: нечасто - дизурия, редко - учащенное мочеиспускание

Общие расстройства и реакции в месте введения: часто - усталость, нечасто - астения, недомогание, редко - отек, дискомфорт в груди, нарушение походки.

Отклонения показателей лабораторных тестов: часто - повышение АЛТ, нечасто - повышение АСТ, повышение щелочной фосфатазы, редко - нейтропения, наличие эритроцитов в моче, наличие глюкозы в моче, гипонатриемия, увеличение диуреза.

*Тошнота и рвота в первые 5 дней лечения после химиотерапии были параметрами эффективности и сообщались как побочные явления только после этого периода.

Фосапрепитант

По данным клинических исследований профиль побочных эффектов у пациентов, получавших Эменд 150 мг внутривенно по однодневной схеме, сопоставим с таковым у тех, кто принимал апрепитант по трехдневной схеме.

Ниже приведены побочные эффекты характерные только для фосапрепитанта.

Сосудистые нарушения: нечасто: покраснение, тромбофлебит (преимущественно с поражением вен в области введения)

Нарушения со стороны кожи и подкожной клетчатки: нечасто - эритема

Общие расстройства и реакции в месте введения: нечасто - покраснение, боль, зуд в месте ведения, редко - индуративный отек в месте введения, неизвестно: реакции гиперчувствительности немедленного типа включая покраснение, эритему, диспноэ

Физикальные исследования: нечасто - повышение артериального давления
Фосапрепитанттың апрепитантқа айналуына байланысты, оны қолданған кезде апрепитанттың жағымсыз әсерлерін күткен жөн.

Жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі топ бойынша орнастырылған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1,000, <1/100); сирек (≥1/10,000, <1/1,000) өте сирек (<1/10,000), белгісіз (постмаркетингтік кезеңде алынған кездейсоқ мәлімдемелер негізінде)

Апрепитанттың жағымсыз әсерлері

Жұқпалы асқынулар: сирек - кандидоз, стафилококктық жұқпалар

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі емес – фебрильді нейтропения, анемия

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: белгісіз – асқын сезімталдық реакциялары, анафилактикалық реакцияларды қоса еспетегенде

Метаболикалық бұзылулар: жиі – тәбеттің төмендеуі, сирек – полидипсия

Психикалық бұзылулар: жиі емес – үрейленушілік, сирек – бағыттан адасу, эйфория

Жүйке жүйесінің бұзылулары: жиі – бас ауыру, жиі емес – бас айналу, ұйқышылдық, сирек – когнитивтік бұзылулар, летаргия, дәмнің бұзылуы

Көрудің бұзылуы: сирек – конъюнктивит

Есту және вестибулярлы бұзылулар: сирек – құлақтың шыңылдауы

Жүрек-қантамыр бұзылулары: жиі емес – жүректің лүпілдеуі, ысынулар, сирек – брадикардия, жүрек-қантамырлық бұзылулар

Тыныс алу жүйесінің және көкірек ортасы ағзаларының бұзылулары: жиі – ықылық, сирек – тамақтың ауыруы, түшкіру, жөтел, мұрын-жұтқыншақтың ісінуі, аңқаның қабынуы.

Асқазан-ішектік бұзылулар: жиі – іш қату, диспепсия, жиі емес – кекіру, жүректің айнуы, құсу, гастро-эзофагеальді рефлюкс, іштің ауыруы, ауыз ішінің құрғауы, метеоризм, сирек: перфоративті дуоденальді ойық жара, стоматит, іштің желденуі, тұрақты іш қату, нейтропениялық колит

Тері және теріасты шел майы тарапынан: жиі емес – бөртпе, акне, сирек – фотосезімталдық, тершеңдік, себорея, терінің зақымдануы, қышытатын бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз, белгісіз – қышыну, есекжем

Қаңқа-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тіннің бұзылулары: сирек – бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілулері

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі емес – дизурия, сирек – несептің жиі бөлініп шығуы

Жалпы бұзылулары және енгізген жердегі реакциялар: жиі – шаршау, жиі емес – астения, дімкәстік, сирек – ісіну, кеудеде жайсыздық, жүріс мәнерінің бұзылуы.

Зертханалық тест көрсеткіштерінің ауытқулары: жиі – АЛТ жоғарылауы, жиі емес – АСТ жоғарылауы, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы, сирек – нейтропения, несепте эритроциттердің болуы, несепте глюкозаның болуы, гипонатриемия, диурездің ұлғаюы.

*Химиялық емдеуден кейін алғаш 5 күн емдегенде жүректің айнуы және құсу тиімділік параметрлері болды және осы кезеңнен кейін ғана жағымсыз құбылыстар ретінде мәлімделді.

Фосапрепитант

Клиникалық зерттеу деректері бойынша көктамыр ішіне 150 мг Эмендті бір күндік үлгі бойынша қабылдап жүрген емделушілердегі жағымсыз әсерлер бейіні апрепитантты үш күндік үлгі бойынша қабылдап жүргендердегі осындайға ұқсас.

Төменде тек фосапрепитантқа ғана тән жағымсыз әсерлер берілген.

Қантамырлық бұзылулар: жиі емес: қызару, тромбофлебит (көбіне енгізілген жердегі көктамыр зақымдануымен)

Тері және теріасты шелмайы тарапынан бұзылулар: жиі емес – эритема

Жалпы бұзылулары және енгізген жердегі реакциялар: жиі емес – енгізген жердің қызаруы, ауыруы, қышуы, сирек – енгізген жерде индуративті ісіну, белгісіз: шұғыл типті асқын сезімталдық реакциялары, қызаруды, эритеманы, диспноэні қоса есептегенде

Физикальді зерттеулер: жиі емес – артериялық қысымның жоғарылауы.

Особые указания к применению

Пациенты с нарушениями функции печени умеренной или тяжелой степени тяжести
Эменд следует применять с осторожностью у пациентов с умеренными и тяжелыми нарушениями функции печени.

Несовместимость
Препарат Эменд несовместим с любыми растворами, содержащими двухвалентные катионы (например, Ca2+, Mg2+), в том числе раствор Хартмана и лактат Рингера. Данный лекарственный препарат нельзя смешивать с другими лекарственными препаратами, кроме указанных в разделе «Способ применения и дозировка": Разведение препарата.

Реакции гиперчувствительности
При возникновении реакций гиперчувствительности немедленного типа, проявляющихся покраснением, эритемой, одышкой во время инфузии фосапрепитанта, необходимо немедленно остановить инфузию и, при необходимости, провести соответствующую терапию. Повторные инфузии не рекомендуются.

Применение и реакции в месте инфузии
Препарат Эменд нельзя вводить в виде болюсной инъекции. Препарат следует развести и вводить путем медленной внутривенной инфузии. Не следует вводить препарат Эменд внутримышечно или подкожно. При применении высоких доз в месте инъекции наблюдался тромбоз легкой степени тяжести. При возникновении признаков или симптомов местного раздражения, инъекцию или инфузию следует прекратить и возобновить введение препарата в другую вену.

Детский возраст
Безопасность и эффективность препарата Эменд для детей и подростков младше 18 лет не установлена.

Беременность и период лактации

Беременность
Отсутствуют клинические данные о применении фосапрепитанта и апрепитанта в период беременности. Препарат Эменд не следует применять в период беременности, кроме случаев крайней необходимости.

Лактация
Неизвестно, выделяется ли апрепитант с грудным молоком у человека. Поэтому кормление грудью во время лечения препаратом Эменд не рекомендуется.

Особенности влияния лекарственного препарата на способность управлять транспортными средствами или потенциально опасными механизмами
Не проводились исследования влияния препарата Эменд на способность управлять автотранспортом и механизмами. Однако при управлении транспортом и механизмами следует принимать во внимание, возможное головокружение и усталость при применении препарата Эменд.
Бауыр қызметінің орташа немесе ауыр дәрежелі бұзылулары бар емделушілер
Эмендті бауыр қызметінің орташа және ауыр бұзылуы бар емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Үйлесімсіздік
Эменд препараты құрамында екі валентті катиондары (мысалы, Ca2+, Mg2+) бар кез келген ерітінділермен, соның ішінде Хартман ерітіндісімен және Рингер лактатымен үйлеспейді. Осы дәрілік препаратты «Қолдану тәсілі және дозасы» тарауындағы Препараттарды сұйылту бөлімінде көрсетілгендерден өзге басқа препараттармен араластыруға болмайды.

Асқын сезімталдық реакциялары
Фосапрепитант инфузиясы кезінде қызару, эритема және ентігумен көрінетін шұғыл түрдегі аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болғанда инфузияны дереу тоқтату және, қажет болғанда, тиісті ем жүргізу керек. Инфузияны қайталамау керек.

Қолданылуы және инфузия жасалған жердегі реакциялар
Эменд препаратын болюстік инъекция түрінде енгізуге болмайды. Препаратты сұйылтқан және көктамырішілік баяу инфузиялар арқылы енгізген жөн. Эменд препаратын бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізбеген жөн. Жоғары дозаларда қолданған кезде инъекция жасалған жерде ауырлығы жеңіл дәрежелі тромбоз байқалды. Жергілікті тітіркену белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде инъекцияны немесе инфузияны тоқтатқан және препаратты басқа көктамырға енгізуді қайта бастаған жөн.

Балалар
Эменд препаратының балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдер үшін қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік
Жүктілік кезеңінде фосапрепитанттың және апрепитанттың қолданылуы жөнінде клиникалық деректер жоқ. Эменд препаратын жүктілік кезеңінде, нақты қажет жағдайлардан басқасында, қолданбаған жөн.

Лактация
Апрепитанттың адамда емшек сүтімен бірге бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз. Сондықтан Эменд препаратымен емделу кезінде емшек емізуге болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Эменд препаратының автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда Эменд препаратын қолданғаннан кейін бас айналу мен шаршаудың пайда болуы мүмкін екендігін көлікті және механизмдерді басқарған кезде ескерген жөн.

Дозировка и способ применения

Дозировка

Эменд 150 мг назначают только в 1-й день в виде внутривенного вливания длительностью 20-30 минут, которое выполняется приблизительно за 30 минут до начала химиотерапии. Эменд следует назначать вместе с кортикостероидом и антагонистом 5-НТ3, как указано в таблицах ниже. Перед началом лечения нужно изучить инструкцию по медицинскому применению выбранного 5-НТ3 антагониста.

Для предотвращения тошноты и рвоты, связанных с высокоэметогенной химиотерапией рака рекомендуется следующая схема лечения.

Дексаметазон следует принимать за 30 минут до химиотерапевтического лечения в 1-й день и по утрам со 2-го по 4-й дни. Дексаметазон также следует принимать по вечерам в день 3-ий и 4-ый. Возникновение лекарственных взаимодействий зависит от дозировки дексаметазона.

Схема лечения при умеренно эметогенной терапии

Дексаметазон следует вводить за 30 минут до химиотерапевтического лечения в 1-й день. Возникновение лекарственных взаимодействий зависит от дозировки дексаметазона. Дополнительные сведения о взаимодействии с глюкокортикостероидами описаны в разделе лекарственные взаимодействия.

Особые группы пациентов
Коррекции дозы в зависимости от возраста, пола, расы, индекса массы тела не требуется.

Почечная недостаточность
Не требуется изменения дозировки для пациентов с почечной недостаточностью или для пациентов с терминальной стадией, нуждающихся в гемодиализе.

Нарушение функции печени
Не требуется коррекции доз для пациентов с легкой степенью недостаточности функции печени. Данные о применении препарата у пациентов с умеренной и тяжелой недостаточностью функции печени ограничены, в таких случаях Эменд следует применять с осторожностью.

Применение у детей и подростков
Безопасность и эффективность препарата Эменд для детей и подростков младше 18 лет не изучена.

Разведение препарата

Препарат Эменд 150 мг вводится внутривенно и его не следует вводить внутримышечно или подкожно. Вводить необходимо путем непрерывной внутривенной инфузии в течении 20-30 минут.

1. Введите 5 мл 0,9% раствора хлорида натрия (9 мг/мл) для инъекций по стенке флакона с Эмендом для того, чтобы предотвратить пенообразование. Осторожно перемешайте содержимое флакона. Избегайте тряски и всплесков!

2. Подготовьте пакет для инфузии заполненный 145 мл 0,9% раствора хлорида натрия для инъекций.

3. Перенесите полный объем раствора из флакона в пакет для инфузии, содержащий 145 мл 0,9% раствора хлорида натрия для получения общего объема 150 мл. Медленно переверните пакет 2-3 раза.

Лекарственное средство нельзя восстанавливать и смешивать с другими растворами, для которых не была установлена физическая и химическая совместимость.

Внешний вид готового раствора не отличается от внешнего вида растворителя.

Восстановленный и разведенный медицинский продукт следует визуально проверить на наличие инородных частиц и изменения окраски перед введением.

Раствор стабилен после разбавления и разведения в течение 24 часов при температуре 25°С, однако с микробиологической точки зрения, препарат следует использовать немедленно. Если немедленного применения не последовало, сроки и условия хранения разведенного препарата перед использованием остаются на ответственности потребителя и, не должны превышать 24 часа при температуре 2 - 8°C.
Дозасы

Эмендтің 150 мг-ын 1-ші күні ғана, химиотерапиядан шамамен 30 минут бұрын жасалатын, ұзақтығы 20-30 минуттық көктамырішілік енгізу түрінде тағайындайды. Эмендті төмендегі кестеде көрсетілгендей, кортикостероидпен және 5-НТ3антагонистімен бірге тағайындаған жөн. Емдеуді бастар алдында таңдап алынған 5-НТ3 антагонисінің медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулығын оқып шығу керек.

Обырға жоғары эметогенді химиотерапия жүргізумен байланысты болатын жүректің айнуы мен құсуға жол бермеу үшін емдеудің келесі режимі ұсынылады.

Дексаметазонды 1-ші күні химиотерапиялық емнен 30 минут бұрын және 2-ші күннен 4-күнге дейін таңертең қабылдаған жөн. Дексаметазонды сондай-ақ 3-ші және 4-ші күні кешке қабылдаған жөн. Дәрілермен өзара әрекеттесуінің пайда болуы дексаметазонның дозасына байланысты.

Орташа эметогендік терапиядағы ем сызбасы

Дексаметазонды 1-ші күні химиотерапиялық емнен 30 минут бұрын енгізген жөн. Дәрілік өзара әрекеттесудің пайда болуы дексаметазонның дозасына байланысты. Глюкокортикостероидтармен өзара әрекеттесуі жөніндегі қосымша мәліметтер дәрілермен өзара әрекеттесуі тарауында айтылған.

Емделушілердің ерекше топтары
Дозаны жасқа, жынысқа, нәсілге, дене салмағының индексіне байланысты түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін немесе гемодиализді керек ететін, терминальді сатыдағы емделушілер үшін дозаны өзгертудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясының жеңіл дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілерде препаратты қолдану жөнінде деректер шектеулі, мұндай жағдайларда Эмендті сақтықпен қолданған жөн.

Балаларға және жасөспірімдерге қолданылуы
Эменд препаратының балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдер үшін қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ.

Препаратты сұйылту

150 мг Эменд препараты көктамыр ішіне енгізіледі және оны бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізбеген жөн. 20-30 минут бойы үздіксіз көктамырішілік инфузия арқылы енгізу қажет.

1. Инъекцияға арналған 5 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісін (9 мг/мл), көбіктің түзілуіне жол бермеу үшін, ішінде Эменд бар құтының қабырғасы бойымен енгізіңіз. Құтының ішіндегісін абайлап араластырыңыз. Сілкілемеңіз, шайқамаңыз!

2. Ішінде инъекцияға арналған 145 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі толтырылған инфузияға арналған пакетті дайындаңыз.

3. Құтыдағы ерітіндінің барлығын, 150 мл жалпы көлем алу үшін, ішінде 145 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі бар инъекцияға арналған пакетке ауыстырыңыз. Пакетті 2-3 рет ақырын аударып-төңкеріңіз.

Дәрілік затты физикалық және химиялық үйлесімділігі анықталмаған басқа ерітінділермен араластыруға және қалпына келтіруге болмайды.

Дайын ерітіндінің сыртқы түрінің еріткіштің сыртқы түрінен айырмашылығы жоқ.

Енгізер алдында қалпына келтірілген және сұйылтылған медициналық өнімде бөгде бөлшектердің бар-жоқтығын және түсінің өзгерген-өзгермегендігін көзбен тексеріп қараған жөн.

Сұйылтылғаннан және еріткеннен кейін ерітінді 25°C температурада 24 сағат бойы тұрақты, алайда микробиологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда препаратты дереу қолданған жөн. Егер дереу қолданылмаса, сұйылтылған препараттың пайдалану алдындағы сақтау мерзімі және шарттары тұтынушының жауапкершілігінде болады, және ол 2оС - 8°C температурада 24 сағаттан аспауы тиіс.

Взаимодействие с лекарствами

Фосапрепитант, в разовой дозе 150 мг, является слабым ингибитором CYP3A4. Фосапрепитант или апрепитант не взаимодействуют с переносчиком P-гликопротеина, что подтверждено отсутствием взаимодействия перорального апрепитанта с дигоксином. Ожидается, что фосапрепитант может приводить к меньшей или не большей индукции CYP2C9, CYP3A4 и глюкуронизации, чем при применении перорального апрепитанта. Данные относительно влияния на CYP2C8 и CYP2C19 отсутствуют.

Влияние фосапрепитанта на фармакокинетику других препаратов

Ингибиция CYP3A4
Как слабый ингибитор CYP3A4, фосапрепитант в разовой дозе 150 мг может транзиторно повышать плазменные концентрации одновременно применяющихся препаратов, которые метаболизируются посредством CYP3A4. Следует с осторожностью применять фосапрепитант одновременно с активными веществами, которые метаболизируются преимущественно при участии CYP3A4, или имеют узкий терапевтический диапазон, например, циклоспорином, такролимусом, сиролимусом, эверолимусом, алфентанилом, диэрготамином, эрготамином, фентанилом, хинидином и квинидином. Дополнительно, следует с особой осторожностью одновременно применять иринотекан, поскольку такая комбинация может привести к усилению токсичности. Одновременное применение фосапрепитанта с производными алкалоидов спорыньи, являющихся субстратами CYP3A4, может привести к повышению концентраций этих активных веществ в плазме крови. Учитывая потенциальный риск токсичности препарата спорыньи, рекомендовано соблюдать осторожность.

Кортикостероиды
Дексаметазон Доза перорального дексаметазона в 1-й и 2-й дни должна быть снижена приблизительно на 50% при одновременном применении с фосапрепитантом в дозе 150 мг в 1-й день с целью достижения экспозиции дексаметазона, аналогичной экспозиции, когда не применяется фосапрепитант, 150 мг. При применении фосапрепитанта 150 мг в виде разовой внутривенной дозы в 1-й день отмечалось повышение показателя AUC0-24ч дексаметазона (субстрата CYP3A4) на 100% в 1-й день, на 86% во 2-й день и на 18% в 3-й день при одновременном применении дексаметазона в разовой дозе 8 мг перорально в 1-й, 2-й и 3-й дни. Метилпреднизолон Эменд, при применении по схеме 125 мг в День 1 и 80 мг/сутки в Дни 2 и 3, повышает показатель AUC метилпреднизолона (субстрат CYP3A4) в 1,3 раза в День 1 и в 2,5 раза в День 3 при одновременном применении метилпреднизолона в День 1 в дозе 125 мг внутривенно и в Дни 2 и 3 в дозе 40 мг перорально.

Химиотерапевтические препараты
Не проводились исследований по взаимодействию фосапрепитанта в дозе 150 мг с химиопрепаратами, однако, на основании исследований взаимодействий пероральных форм апрепитанта с доцетакселем и винорелбином не предполагается наличие лекарственных взаимодействий и с внутривенными формами доцетакселя и винорелбина. Хотя нельзя исключить взаимодействия пероральных форм химиопрепаратов метаболизирующихся системой CYP3A4 (к примеру, этопозид и винорелбин). При совместном назначении этих или других химиотерапевтических препаратов, метаболизирующихся посредством CYP3A4, следует соблюдать осторожность и проводить дополнительный мониторинг. В постмаркетинговый период сообщалось о случаях нейротоксичности после совместного применения апрепитанта с ифосфамидом.

Иммунодепрессанты
После разовой дозы фосапрепитанта 150 мг ожидается транзиторное умеренное повышение в течение 2-х дней с возможным последующим слабым снижением экспозиции иммунодепрессантов, которые метаболизируются посредством CYP3A4 (например, циклоспорин, такролимус, эверолимус и сиролимус). Учитывая кратковременное повышение экспозиции, не рекомендовано (исходя из мониторинга терапевтической дозы) снижать дозу иммунодепрессанта в день применения препарата Эменд и на следующий день.

Мидазолам
При применении разовой дозы фосапрепитанта 150 мг в 1-й день, отмечалось повышение показателя AUC0-∞ мидазолама на 77% в 1-й день и отсутствовало влияние на 4-й день при одновременном применении мидазолама в виде однократной дозы 2 мг перорально в 1-й и 4-й дни. Фосапрепитант 150 мг – слабый ингибитор CYP3A4 при применении в виде разовой дозы в 1-й день, при этом на 4-й день признаки ингибирования или индукции CYP3A4 не наблюдаются. Возможное повышение концентрации в плазме крови мидазолама или других бензодиазепинов, метаболизм которых осуществляется при участии CYP3A4 (алпразолам, триазолам), следует принимать во внимание при одновременном назначении этих препаратов с препаратом Эменд.

Дилтиазем
Исследования взаимодействий фосапрепитанта 150 мг и дилтиазема не проводились, поэтому при применении препарата Эменд 150 мг с дилтиаземом следует принимать во внимание следующее исследование фосапрепитанта 100 мг: у пациентов с артериальной гипертензией легкой или умеренной степени тяжести, внутривенная инфузия фосапрепитанта в дозе 100 мг в течение 15 минут одновременно с применением дилтиазема 120 мг 3 раза в сутки приводила к повышению показателя AUC дилтиазема в 1,4 раза и к небольшому, но клинически значащему, снижению АД; не наблюдалось клинически значащего изменения частоты сердечных сокращений или интервала PR.

Индукция CYP3A4
Разовая доза фосапрепитанта 150 мг не индуцировала CYP3A4 в Дни 1 и 4 в исследовании взаимодействий с мидазоламом. Ожидается, что препарат Эменд может приводить к меньшей или не большей индукции CYP2C9, CYP3A4 и глюкуронизации, чем при применении перорального апрепитанта по 3-дневной схеме, поскольку наблюдалась транзиторная индукция с максимальным эффектом через 6-8 дней после первой дозы апрепитанта. Прием перорального апрепитанта в течение 3-х дней приводил к снижению AUC субстратов CYP2C9 приблизительно на 30-35%, а минимальная концентрация этинилэстрадиола снижалась на 64%. Данные относительно влияния на CYP2C8 и CYP2C19 отсутствуют. Следует соблюдать осторожность при применении препарата Эменд с варфарином, аценокумаролом, толбутамидом, фенитоином или другими активными веществами, которые метаболизируются посредством CYP2C9.

Варфарин
У пациентов, получающих длительную терапию варфарином, следует тщательно контролировать показатель протромбинового времени (МНО) при применении препарата Эменд и на протяжении 2 недель после его применения для профилактики тошноты и рвоты, вызванной химиотерапией.

Гормональные контрацептивы
Эффективность гормональных контрацептивов может снижаться во время лечения фосапрепитантом и в течение 28 дней после его применения. Следует использовать альтернативные и дополнительные методы контрацепции во время лечения фосапрепитантом и в течение 2 месяцев после его применения.

Антагонисты 5-HT3
Не проводилось исследований взаимодействий фосапрепитанта 150 мг и антагонистов 5-HT3; однако апрепитант в дозе 125 мг не оказывает клинически значимого влияния на фармакокинетику ондансетрона, гранисетрона и гидродоласетрона (активного метаболита доласетрона).

Влияние других лекарственных препаратов на фармакокинетику апрепитанта возникающего после введения фосапрепитанта 150 мг

Следует с осторожностью применять фосапрепитант с активными веществами, которые подавляют активность CYP3A4 (например, кетоконазол, итраконазол, вориконазол, позаконазол, кларитромицин, телитромицин, нефазодон и ингибиторы протеазы), поскольку такая комбинация может приводить к повышению концентрации апрепитанта в плазме в несколько раз. Кетоконазол повышал конечный период полувыведения перорального апрепитанта приблизительно в 3 раза.

Следует избегать одновременного применения фосапрепитанта с активными веществами, которые являются сильными индукторами активности CYP3A4 (например, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал), поскольку такая комбинация может приводить к снижению концентрации апрепитанта в плазме крови, что может снижать его эффективность. Рифампицин снижал средний конечный период полувыведения перорального апрепитанта на 68%.
Фосапрепитант, бір реттік 150 мг дозада CYP3A4-тің әлсіз тежегіші болып табылады. Фосапрепитант немесе апрепитант P-гликопротеиннің тасымалдаушысымен өзара әрекеттеспейді, бұл пероральді түрде қабылданатын апрепитанттың дигоксинмен өзара әрекеттесуінің жоқтығымен дәлелденді. Фосапрепитант пероральді түрде қолданылатын апрепитантқа қарағанда, CYP2C9, CYP3A4-тің аз немесе көп индукциясына және глюкуронидацияға әкеп соқтыруы мүмкін деп күтіледі. CYP2C8 және CYP2C19-ға ықпалына қатысты деректер жоқ.

Фосапрепитанттың басқа препараттардың фармакокинетикасына ықпалы

CYP3A4 ингибициясы
CYP3A4 әлсіз тежегіші ретінде, фосапрепитанттың 150 мг бір реттік дозасы CYP3A4 арқылы метаболизденетін, бір мезгілде қолданылатын препараттардың плазмалық концентрацияларын транзиторлы түрде арттыруы мүмкін. Фосапрепитантты көбіне CYP3A4 қатысуымен метаболизденетін немесе емдік диапазоны қысқа белсенді заттармен, мысалы, циклоспоринмен, такролимуспен, сиролимуспен, эверолимуспен, алфентанилмен, диэрготаминмен, эрготаминмен, фентанилмен, хинидинмен және квинидинмен бір мезгілде қолданғанда сақ болған жөн. Бұған қосымша, иринотеканмен бір мезгілде қолданғанда аса сақ болған жөн, өйткені бұлай біріктіру уыттылықтың күшеюіне әкеп соқтыруы мүмкін. Фосапрепитантты CYP3A4 субстраты болып табылатын қастауыш алкалоидтарының туындыларымен бір мезгілде қолдану қан плазмасында осы белсенді заттар концентрацияларының жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Қастауыш препаратының уыттылығы қаупін ескеріп, сақ болу керек.

Кортикостероидтар
Дексаметазон. Фосапрепитанттың 150 мг дозасымен бір мезгілде қолданған кезде, 1-ші күні дексаметазонның экспозициясын 150 мг фосапрепитант қолданбаған кездегіге ұқсас экспозицияға жеткізу мақсатында, 1-ші және 2-ші күндері дексаметазонның пероральді дозасы шамамен 50%-ға төмендетілуі тиіс. 1-ші күні фосапрепитанттың бір реттік көктамырішілік 150 мг дозасын 1-ші, 2-ші және 3-ші күндері дексаметазонның пероральді бір реттік 8 мг дозасымен бір мезгілде қолданған кезде дексаметазонның (CYP3A4 субстратының) AUC0-24сағ. көрсеткішінің 1-ші күні 100%-ға, 2-ші күні 86%-ға және 3-ші күні 18%-ға жоғарылағаны байқалды. Метилпреднизолон Эменд, 1-күні 125 мг және 2-ші және 3-ші күндері тәулігіне 80 мг қолдану сызбасы бойынша, метилпреднизолонды 1-ші күні 125 мг дозада көктамыр ішіне және 2-ші және 3-ші күндері пероральді 40 мг дозада бір мезгілде қолданғанда, метилпреднизолонның (CYP3A4 субстраты) AUC көрсеткішін 1-ші күні 1,3 есе және 3-ші күні 2,5 есе арттырады.

Химиотерапиялық препараттар
150 мг дозадағы фосапрепитанттың химиялық препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда апрепитанттың ішу арқылы қабылданатын түрлерінің доцетакселмен және винорелбинмен өзара әрекеттесуін зерттеулердің негізінде, доцетаксел мен винорелбиннің көктамырішілік түрлерімен де өзара дәрілік әрекеттесуі бар деп болжанбайды. Әйтсе де, CYP3A4 жүйесі арқылы метаболизденетін химиялық препараттардың пероральді түрлерімен (мысалы, этопозид, винорелбин) өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды. Осы немесе CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа химиотерапиялық препараттарды бірге тағайындағанда сақ болу және қосымша мониторинг жүргізген жөн. Постмаркетингтік кезеңде апрепитанттың ифосфамидті бірге қолданғаннан кейінгі нейроуыттылық жағдайлары туралы хабарланған.

Иммунодепрессанттар
Фосапрепитанттың 150 мг бір реттік дозасынан кейін 2 күн ішінде CYP3A4 арқылы метаболизденетін иммунодепрессанттардың (мысалы, циклоспорин, такролимус, эверолимус және сиролимус) экспозициясының транзиторлы орташа жоғарылауы, кейін аздап төмендеуі мүмкін деп күтіледі. Экспозициясының қысқа мерзімдік артуын ескеріп, Эменд препаратын қолданған күні және келесі күні (емдік дозасына мониторинг жасай отырып) иммунодепрессанттың дозасын төмендетуге болмайды.

Мидазолам
1-ші күні 150 мг фосапрепитанттың бір реттік көктамырішілік дозасын қолданған кезде 1-ші күні мидазоламның AUC0-∞ көрсеткішінің 77%-ға жоғарылағаны білінді және 1-ші және 4-ші күндері пероральді түрде бір реттік 2 мг доза мидазоламмен бір мезгілде қолданған кезде 4-ші күні ықпалы болған жоқ. 150 мг фосапрепитант – 1-ші күні бір реттік доза ретінде қолданған кезде CYP3A4 әлсіз тежегіш, мұндайда 4-ші күні CYP3A4-тің тежелу немесе индукциясы белгілері байқалмайды. Мидазоламның немесе метаболизмі CYP3A4 қатысуымен жүзеге асатын басқа да бензодиазепиндердің (алпразолам, триазолам) қан плазмасындағы концентрациялары жоғарылауы мүмкін, осы препараттарды Эменд препаратымен бір мезгілде тағайындаған кезде осыған көңіл бөлген жөн.

Дилтиазем
150 мг фосапрепитанттың және дилтиаземнің өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан 150 мг Эменд препаратын дилтиаземмен бірге қолданған кезде 100 мг фосапрепитанттың келесі зерттеуіне көңіл бөлген жөн: артериялық гипертензиясы жеңіл немесе орташа дәрежелі емделушілерде фосапрепитанттың 100 мг дозасымен 15 минут бойы жүргізілетін көктамырішілік инфузияны тәулігіне 3 рет 120 мг дилтиаземмен бір мезгілде қолдану дилтиаземнің AUC көрсеткішінің 1,4 есе жоғарылауына және аздап, бірақ АҚ-ның клиникалық тұрғыдан маңызды төмендеуіне әкелді; жүректің жиырылу жиілігінің немесе PR аралығының клиникалық тұрғыдан маңызды өзгеруі байқалған жоқ.

CYP3A4 индукциясы
Мидазоламмен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерде 1-ші және 4-ші күндері фосапрепитанттың 150 мг бір реттік дозасы CYP3A4 мәнін индукциялаған жоқ. Эменд препараты, 3 күндік сызба бойынша пероральді апрепитантты қолданған кездегіге қарағанда, CYP2C9, CYP3A4-тің аз немесе көп индукциялануына және глюкуронизацияға әкелуі мүмкін деп күтіледі, өйткені апрепитанттың алғашқы дозасынан кейін 6-8 күннен соң ең жоғары әсері бар транзиторлы индукция байқалды. Пероральді апрепитантты 3 күн бойы қабылдау CYP2C9 субстратының AUC мәнінің шамамен 30-35%-ға төмендеуіне әкелді, ал этинилэстрадиолдың ең төмен концентрациясы 64%-ға төмендеді. CYP2C8 және CYP2C19-ға ықпалына қатысты деректер жоқ. Эменд препаратын варфаринмен, аценокумаролмен, толбутамидпен, фенитоинмен немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа да белсенді заттармен бірге қолданған кезде сақ болған жөн.

Варфарин
Варфаринмен ұзақ уақыт ем қабылдап жүрген емделушілерде, химиялық емдеуден болған жүректің айнуы мен құсудың алдын алу үшін, Эменд препаратын қолданған кезде және оны қолданғаннан кейін 2 апта бойы протромбинді уақыттың көрсеткіштерін (ХҚҚ) мұқият бақылаған жөн.

Гормональді контрацептивтер
Гормональді контрацептивтердің тиімділігі фосапрепитантпен емдеу кезінде және оны қолданғаннан кейін 28 күн ішінде төмендеуі мүмкін. Фосапрепитантпен емделу кезінде және оны қолданып болғаннан кейін 2 ай бойы контрацепцияның альтернативті және қосымша әдістерін қолданған жөн.

5-HT3 антагонистері
150 мг фосапрепитант пен 5-HT3 антагонистерінің өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ; алайда 125 мг апрепитант ондансетронның, гранисетронның және гидродоласетронның (доласетронның белсенді метаболиті) фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізген жоқ.

Басқа дәрілік препараттардың 150 мг фосапрепитантты енгізгеннен кейін пайда болатын апрепитанттың фармакокинетикасына ықпалы

Фосапрепитантты CYP3A4 белсенділігін төмендететін белсенді заттармен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, вориконазол, позаконазол, кларитромицин, телитромицин, нефазодон және протеаза тежегіштері) бірге абайлап қолданған жөн, өйткені бұлай біріктіру плазмада апрепитант концентрациясын бірнеше есе арттыруы мүмкін. Кетоконазол пероральді апрепитанттың ақырғы жартылай шығарылу кезеңін шамамен 3 есе арттырды.

Фосапрепитантты CYP3A4 белсенділігінің күшті индукторлары болып табылатын белсенді заттармен (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал) бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені мұндай біріктірулер қан плазмасында апрепитант концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл оның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Рифампицин пероральді апрепитанттың ақырғы жартылай шығарылу кезеңін 68%-ға төмендетті.

Передозировка эмендом в порошке

При передозировке следует прекратить применение фосапрепитанта, провести симптоматическую терапию и наблюдение. Вследствие противорвотных свойств препарата Эменд, медикаментозная стимуляция рвоты может быть неэффективной. Апрепитант не выводится при гемодиализе.
Артық дозаланған жағдайда фосапрепитантты қолдануды тоқтатқан, симптоматикалық ем жүргізген және бақылауға алған жөн. Эменд препаратының құсуға қарсы қасиеттері салдарынан, құсудың дәрі-дәрмекпен стимуляциялануы тиімсіз болуы мүмкін. Апрепитант гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Фосапрепитант, пролекарство апрепитанта, при внутривенном применении быстро превращается в апрепитант. Плазменные концентрации фосапрепитанта находятся ниже обнаруживаемых уровней через 30 минут после окончания внутривенного вливания.

Апрепитант после введения фосапрепитанта
После разовой внутривенной дозы 150 мг фосапрепитанта введенной в виде 20 минутной инфузии, среднее значение площади под кривой (AUC0-∞) апрепитанта было 35,0 мкг•ч/мл и среднее максимальное значение концентрации апрепитанта было 4,01 мкг/мл.

Распределение
Связывание с белками плазмы апрепитанта высокое, в среднем 97 %. Среднегеометрический объем распределения в равновесном состоянии (Vdss) апрепитанта, рассчитываемый по разовой внутривенной дозе фосапрепитанта 150 мг, составляет приблизительно 82 л у человека.

Биотрансформация
Экспериментальные исследования показали, что фосапрепитант подвергаем быстрому и почти полному преобразованию в апрепитант во многих тканях, включая печень, почки, легкие и подвздошную кишку. У людей фосапрепитант, введенный внутривенно, быстро преобразовался в апрепитант в течение 30 минут после завершения инфузии. Апрепитант подвергается интенсивному метаболизму. В плазме человека идентифицировано 12 метаболитов апрепитанта. Апрепитант метаболизируется путем оксидации морфолинового кольца и его боковых цепочек, а образующиеся метаболиты активны только в течение недели.

Выведение
Апрепитант не выделяется в неизмененном виде с мочой. Метаболиты выводятся с мочой и выделяются с желчью в кал. После разовой внутривенной дозы 100 мг [14С]-фосапрепитанта у здоровых добровольцев, 57% меченого препарата обнаруживается в моче и 45% в кале. Фармакокинетика апрепитанта нелинейна в диапазоне клинических доз. Конечный период полувыведения апрепитанта после разовой внутривенной дозы фосапрепитанта 150 мг примерно 11 часов. Среднегеометрический плазменный клиренс апрепитанта после разовой внутривенной дозы фосапрепитанта 150 мг примерно 73 мл/мин.

Фармакокинетика в особых группах пациентов
Клинически значимых различий в фармакокинетике апрепитанта в зависимости от индекса массы тела, возраста и половой принадлежности не ожидается.

Нарушение функции печени
Фосапрепитант метаболизируется во многих внепеченочных тканях, поэтому считается, что нарушение функции печени не влияет на преобразование фосапрепитанта в апрепитант. Недостаточность функции печени легкой степени (Чайлд-Пью, класс А) не влияет на фармакокинетику апрепитанта, следовательно, изменения дозировки не требуется. Фармакокинетика апрепитанта у пациентов с печеночной недостаточностью умеренной и тяжелой степени (Чайлд-Пью, класс В и С) малоизучена.

Почечная недостаточность
В ходе клинических исследований установлено, что не требуется коррекции дозы в случае тяжелой почечной недостаточности, а также пациентам с терминальной стадией заболевания почек, нуждающимся в гемодиализе.

Взаимосвязь между концентрацией и эффектом
Фосапрепитант – пролекарство апрепитанта. Исследования с помощью позитронно-эмиссионной томографии (ПЭТ) с использованием высоко специфического изотопа NK1-рецептора (нейрокинина-1) у молодых здоровых мужчин после приема апрепитанта внутрь показали, что апрепитант проникает в мозг и связывается с рецепторами NK1 в зависимости от его дозы и концентрации. Предполагается, что достигаемые в плазме концентрации апрепитанта при применении трехдневной пероральной схемы обеспечивают связывание более 95% NK1 рецепторов мозга. Связь между концентрацией и эффектом фосапрепитанта не была установлена.
Фосапрепитант, апрепитант дәрісінің ізашары, көктамыр ішіне қолданған кезде апрепитантқа тез айналады. Фосапрепитанттың плазмалық концентрациялары көктамыр ішіне құю аяқталған соң 30 минуттан кейін анықталған деңгейден төмен болады.

Фосапрепитантты енгізгеннен кейінгі апрепитант
20 минуттық инфузия түрінде енгізілген 150 мг фосапрепитанттың көктамырішілік бір реттік дозасынан кейін, апрепитанттың қисық астындағы ауданының (AUC0-∞) орташа мәні 35,0 мкг•сағ./мл болды және апрепитант концентрациясының орташа ең жоғары мәні 4,01 мкг/мл болды.

Таралуы
Апрепитанттың плазма ақуыздарымен байланысуы жоғары, орта есеппен 97%. Апрепитанттың тепе-тең жағдайда таралуының орташа геометриялық көлемі (Vdss), фосапрепитанттың 150 мг көктамырішілік бір реттік дозасы бойынша есептегенде, адамда шамамен 82 л құрайды.

Биоөзгерісі
Экспериментальді зерттеулер көптеген тіндерде, бауырды, бүйректі, өкпені және мықын ішекті қоса есептегенде, фосапрепитанттың апрепитантқа тез және толық дерлік өзгеретіндігін көрсетті. Адамдарда көктамыр ішіне енгізілген фосапрепитант инфузия аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апрепитантқа тез айналды. Апрепитант қарқынды метаболизмге ұшырайды. Адам плазмасында апрепитанттың 12 метаболиті анықталды. Апрепитант морфолинді сақина және оның бүйір тізбектерінің оксидациясы жолымен метаболизденеді, ал нәтижесінде пайда болған метаболиттер тек апта бойы ғана белсенді.

Шығарылуы
Апрепитант өзгермеген күйінде несеппен бірге бөлініп шықпайды. Метаболиттері несеппен бірге және өт арқылы нәжіске шығарылады. [14С]-фосапрепитанттың көктамырішілік бір реттік 100 мг дозасынан кейін дені сау еріктілерде таңбаланған препараттың 57%-ы несептен және 45%-ы нәжістен табылады. Апрепитанттың фармакокинетикасы клиникалық дозалар диапазонында дозаға байланысты емес. Фосапрепитанттың көктамырішілік 150 мг дозасынан кейін апрепитанттың соңғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 11 сағатты құрайды. Фосапрепитанттың бір реттік көктамырішілік 150 мг дозасынан кейін апрепитанттың орташа геометриялық плазмалық клиренсі – шамамен минутына 73 мл.

Емделушілердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Апрепитанттың фармакокинетикасында емделушінің дене салмағының индексіне, жасына және жынысына байланысты клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар болады деп күтілмейді.

Бауыр функциясының бұзылуы
Фосапрепитант бауырдан тыс көптеген тіндерде метаболизденеді, сондықтан бауыр функциясының бұзылуы фосапрепитанттың апрепитантқа айналуына ықпалын тигізбейді деп есептеледі. Бауыр функциясының жеңіл дәрежелі жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью, А класы) апрепитанттың фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді, демек, дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Апрепитанттың фармакокинетикасы бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью, В және С класы) бар емделушілерде аз зерттелді.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Клиникалық зерттеулер бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі жағдайында, сондай-ақ гемодиализді қажет ететін бүйрек ауруларының терминальді сатысындағы емделушілерде дозаны өзгертудің қажеті жоқ екендігін көрсетті.

Концентрациясы мен әсері арасындағы өзара байланыс
Фосапрепитант – апрепитанттың ізашар дәрісі. NK1-рецептордың спецификалық жоғары изотоптарын пайдалана отырып, позитронды-эмиссиондық томография (ПЭТ) жәрдемі арқылы зерттеу апрепитантты ішке қабылдағаннан кейін дені сау жас еркектерде апрепитанттың миға өтетіндігін және дозасы мен концентрациясына байланысты NK1 рецепторларымен байланысатындығын көрсетті. Үш күн пероральді түрде қабылданатын сызбаны қолданған кезде плазмада қол жеткізілген апрепитант концентрациясы мидың NK1 рецепторларының 95%-дан астамының байланысуын қамтамасыз етеді деп болжам жасалады. Фосапрепитанттың концентрациясы мен әсерінің арасында байланыс анықталған жоқ.

Фармакодинамика

Фосапрепитант является неактивной формой апрепитанта и при внутривенном введении быстро превращается в апрепитант.

Апрепитант является селективным антагонистом, обладающим высоким родством к человеческим рецепторам нейрокинина-1 (NK1) субстанции P.

Селективность и специфичность апрепитанта к NK1 рецепторам, как минимум, в 3 000 раз больше, чем для других ферментов, переносчиков, ионных каналов или рецепторных участков, включая допаминовые и серотониновые рецепторы, являющиеся целевыми для существующих методов лечения тошноты и рвоты, связанной с химиотерапией.

Исследования по изучению механизма антиэметического эффекта фосапрепитанта еще продолжаются, но следует учитывать что апрепитант обладает длительным центральным действием, влияет как на острую так и на отсроченную фазу рвоты, а также усиливает противорвотный эффект дексаметазона и антагонистов 5-НТ3.
Фосапрепитант апрепитант дәрісінің белсенді емес түрі болып табылады және оны көктамыр ішіне енгізген кезде ол апрепитантқа тез айналады.

Апрепитант адамның Р субстанциясының адамның нейрокинин-1 (NK1) рецепторларына ұқсастығы жоғары селективті антагонист болып табылады.

Апрепитанттың NK1 рецепторларға селективтілігі және спецификалығы, иондық өзекшелердің немесе рецепторлық аймақтардың тасымалдаушыларының, химиялық емдеумен байланысты жүректің айнуы мен құсуды емдеудің бұрыннан бар әдістері үшін мақсатты болып табылатын допаминдік және серотониндік рецепторларды қоса есептегенде, тасымалдаушы басқа ферменттерге қарағанда, кем дегенде, 3 000 есе жоғары.

Фосапрепитанттың антиэметикалық әсерінің механизмін білуге арналған зерттеулер әлі де жалғасуда, бірақ апрепитанттың ұзақ орталық әсері бар, құсудың жедел де, сонымен бірге кейінгі фазаларына да ықпалын тигізеді, сондай-ақ дексаметазонның және 5-НТ3 антагонистерінің құсуға қарсы әсерін күшейтеді.

Упаковка и форма выпуска

По 10 мл препарата во флаконы из прозрачного бесцветного стекла, укупоренные пробками резиновыми и обжатые алюминиевыми колпачками. 1 флакон вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в картонную коробку.
10 мл препараттан резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларда. 1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.